Жаңалықтар

«Бірегей Бердібектің бер бағасын» атты танымдық сағат өткізілді.

Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Бірегей Бердібектің бер бағасын» атты танымдық сағат өткізілді. Шараның мақсаты: қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысының шығармаларын насихаттау Шара барысында кітапханашы Р.Нұрланов балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны, әр жылдары жарық көрген шығармалары таныстырылып, оқырмандарға автордың «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармаларын Брайль, жайпақ және аудио нұсқа түрінде жазылған кітаптарды алып оқи алатыны жайлы ақпарат берілді.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.06.2024

«Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесі бүгінде жалғасын тапты.

Талдықорған қаласы орталық арбат аланыңда «Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесі бүгінде жалғасын тапты. Кітап жәрмеңкесі «Жақұт мекен Жетісу» тақырыбындағы кітап көрмесінің таныстырумен басталып, «Поэзиялық батл» көрермендер арасында өлең оқу жарысымен жалғасты. Сондай-ақ «Мақалды тап» көрсетілген суреттерге қарап мақал құрастыру және «Сан сұраққа саяхат» викториналық ойындары ойнатылып, «Қолтаңба TIME» кітап авторлары оқырмандарға қолтаңба қойылған кітаптарын сыйлады. Шарада Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық жас актерлері театры көрермендерге «Бақыт деген не өзі?» атты поэзиялық-музыкалық шеруін ұсынды. Айта кетсек, 2 күнге жалғасқан кітап жәрмеңкесінде «Атамұра», «Marfu press», «Мазмұндама» баспалары, «Ziyat», «Асыл қазына» дүкендері, жеке кәсіпкерлер және кітап авторларының 200-ден астам кітаптары сатылды.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.06.2024

«Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесінің ашылуы өтті.

2024 жылдың 11 маусым күні Талдықорған қаласының орталық арбат аланыңда Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесінің ашылуы өтті. Әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын таныту, Жетісу өлкесіндегі ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен шара «Жақұт мекен Жетісу» тақырыбындағы кітап көрмесін таныстыруымен бастау алды. Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасен, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ж. Әміреев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай, «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Қазақстан Жазушылар одағы мен Халықаралық Қаз...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.06.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Кітапханамыздың қорына Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Қадырқызы «Бейсен және Болмыс» және «Парасат биігі» атты кітаптарын сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.06.2024

«Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша «Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда. 7 маусым күні аталған шараға «Royal kids» оқу орталығының 1 және 2 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашы Қанабек Әлия «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Cool dance» бөлімінде балалар Tik- tok желісіндегі танымал тренд билерді биледі. Сонымен қатар, «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Джунгли кітабы» мультфильмі көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика